Солтүстік Қазақстанда балабақша мәселесі шешімін тапты

26 Ақпан 2021, 22:08
2444
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда балабақша мәселесі шешімін тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО балабақшаларында орындар саны көбейедi. Бұл жайында әлеуметтiк желiлердегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

Маған ата-аналардан балабақшаларда қосымша орындар ашу туралы көптеген ұсыныс түсiп жатады. Пандемияға байланысты бiз балабақшалардың жұмысын шектеуге мәжбүр болдық. Кезекшi топтар жартылай ғана толы. Қазiр аймақта жағдай тұрақталды. Бiз жасыл аймаққа өттiк. Бұл бiзге карантиндiк шектеулердi жеңiлдетуге мүмкiндiк бередi. Келесi аптадан бастап кезекшi топтардағы орындар санын көбейтетiн боламыз. Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен көбiрек қамти аламыз. Мен барлық ата-анаға осы қиын кезеңде түсiнiстiк пен шыдамдылық үшiн алғысымды бiлдiремiн, - деп жазды өңiр басшысы.

Сондай-ақ 28 ақпаннан облыста сауда орталықтары, базарлар, бассейндер мен моншалар жексенбiде жұмыс iстей алады. 

Театрлар залда көрермендермен бiрге қойылымдар қоя бастайды. 

Балаларды мектептен тыс оқыту орталықтары 15 келушiге дейiн қабылдай алады. 

Автобустар Қазақстан аумағында кез келген бағытқа қатынай алады.

Өзгелердің жаңалығы