Соңғы 5 жылда газ тұтыну көлемі өсті – Ноғаев

24 Қараша 2020, 09:27
1737
Бөлісу:
Соңғы 5 жылда газ тұтыну көлемі өсті – Ноғаев
Фото: primeminister.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкіметтің онлайн отырысында баяндады.

Министрдің айтуынша, елімізде газ ресурстары елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті. 

Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия 3,8 трлн текше метр көлемінде өндірілетін газ қорларын бекітті. Оның ішінде іліспе газ 2,2 трлн текше метр және табиғи газ 1,6 трлн текше метр. Барлық барлаған газ құбырының 98%-ке жуығы еліміздің батыс аймағында орналасқан. Осы орайда 87%-тен астамы ірі мұнай-газ және мұнай конденсаты кен орындарында шоғырланған. Еліміздің ірі кен орындары Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз қорлары ҚР-дағы барланған газдың барлық қорларының 75%-ін құрайды, - деді Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында. 

Ол атағандай, өндірілетін газдан қажетті көлемде ішкі нарыққа, бір бөлігі экспортқа, бір бөлігі қысымды ұстап тұру үшін жер қойнауына кері айдауға және мұнай компанияларының жеке технологиялық қажеттіліктеріне жұмсалады. 

 

Елімізде жаңа тұтынушылардың пайда болуына байланысты газ тұтынудың өсуі байқалады. Соңғы 5 жылда (2015-2019 жылдары) газды тұтыну 12,1-ден 16,3 млрд текше метрге дейін немесе 35%-ке дейін өсті. Биыл соңғы 10 айда газ тұтыну көлемі 12,4 млрд текше метрді құрап отыр, - деді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы