Соңғы екі айдағы көрсеткіш: эпидемиологиялық жағдай төмендеп келеді

27 Қаңтар 2021, 17:00
869
Бөлісу:
Соңғы екі айдағы көрсеткіш: эпидемиологиялық жағдай төмендеп келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.

Әлем елдерінде коронавирус пандемиясы әлі де жалғасуда. Бүгінгі таңда әлемнің 221 елінде 100 миллионнан астам коронавирус инфекциясы тіркелген. Сырқаттанушылық көрсеткіші 0,5%-ды құрайды. 2 миллион 165 мыңнан астам адам қайтыс болды. Өлім-жітім көрсеткіші 2,1%-ды құрайды. Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде аурудың өсімі әлі де жалғасуда. Біздің елдегі көрсеткіштерге келер болсақ, 27 қаңтарға сәйкес Қазақстанда 181 117 коронавирус жағдайы және ПТР- бойынша 47 575 жағдай тіркелген. Жазылып шыққандар саны ПТР+ бойынша 163 156 болса, ПТР- бойынша 35 348 жағдай. Инфекциялық төсек-орынның қамтылуы бүгінде 31%-ды құрайды (6 492). Соңғы екі айдағы көрсеткіш бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдай төмендеп келеді. Қазақстан «жасыл» аймақтан «қызылға» енді. Сонымен қатар, «қызыл» аймаққа енген өңірлер арасында – БҚО, СҚО, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бар,  - деді ол.

Шорановтың айтуынша, сырқаттанушылықтың күнделікті мониторингі бойынша республикада желтоқсан айына қарағанда қаңтар айындағы өсім деңгейі 10%-ға артқан.

«Қызыл» аймақтағы 8 өңірде республика бойынша сырқаттанушылық деңгейінің  83%-ы тіркелген. Аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай үнемі назарда. Бүгінде министрлік пен жергілікті әкімдіктер қатаң шараларды қолға алды. Яғни, қоғамдық тамақтану орындарында адам саны шектеу, өндіріс орындарындағы жұмыс кестесінің қысқарту, демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын шектеу сияқты шаралар атқарылды, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы