Соңғы қоңырау. Мұғалімдерге сыйлық алуға рұқсат етілмейді – БҒМ

11 Мамыр 2021, 12:45
9404
Бөлісу:
Соңғы қоңырау. Мұғалімдерге сыйлық алуға рұқсат етілмейді – БҒМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында вице-министр Шолпан Каринова мұғалімдерге соңғы қоңырауға байланысты оқушылардан сыйлық алуға тыйым салынатыны туралы айтты.

Вице-министр атап өткендей, соңғы қоңырау штаттық режимде өткізілетін жағдайда барлық санитариялық талаптың қатаң сақталуын мектеп әкімшілігі қадағалауы тиіс.

Әр мектеп бітірушімен келетін ата-ананың саны бірден аспауы қажет. Сондай-ақ маска режимін қамтамасыз ету және іс-шараға қатысушылар арасында кемінде 1,5 метр қашықтық сақталуы керек, - деді Шолпан Каринова.

Сонымен қатар мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынатынын жеткізді.

Сонымен қатар басты назарда мектеп бітірушілерден немесе басқа да оқушылардан соңғы қоңырауға, оқу жылының аяқталуына байланысты педагогикалық этика қағидатын сақтау үшін әртүрлі сыйлықтар алуға рұқсат етілмейді. Осыны әр мектеп әкімшілігі қатаң сақтауы тиіс, - деп вице-министрі аппарат жиналысында түсіндірді.

Еске сала кетейік, Білім және ғылым министрлігі биыл 25 мамырда соңғы қоңырауды өткізудің 3 форматын ұсынды.

Олар:

1) Дәстүрлі формат: 9 және 11-сынып оқушылары және 300-ге дейінгі оқушы бар мектептер үшін;

2) Сынып ішінде сынып сағаты форматында;

3) Онлайн түрде сынып сағаты форматында өткізу.

Өзгелердің жаңалығы