СOVID-19 вакцинасының сынақ нәтижесі қашан дайын болады?

1 Қазан 2020, 18:30
1556
Бөлісу:
СOVID-19 вакцинасының сынақ нәтижесі қашан дайын болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде «Синовак» компаниясымен бірлесіп СOVID-19 вакцинасына клиникалық сынақтар жүргізу жөніндегі жұмыстың аралық нәтижелері туралы айтып берді.

Біз бұл мәселені осы компаниямен, серіктестермен, араб тарапымен пысықтадық. Дайындық жұмыстарын жүргіздік. Жақында ғана серіктестер бізге қазіргі уақытта бұл вакцина клиникалық зерттеулердің соңғы кезеңіне өтіп жатқанын хабарлады. Ол жақын арада аяқталады. Біз вакцинаны Қазақстанда одан әрі верификациялау мақсатында ел ішінде пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін пайдалана аламыз, - деді министр.

Алексей Цой брифинг барысында әлеуметтік желілерде тұмауға қарсы вакцинаның жетіспеушілігіне қатысты сауалдарға жауап берді. 

Кез келген вакцина, әсіресе, тұмауға қарсы вакцинаға деген тапсырыс жыл басында жасалады. Бұл вакцинаға тапсырыс наурыз айында жасалды. Осы немесе басқа вакцинаны шығару үшін шамамен 6 ай қажет. Тиісінше, біз өзімізге қажетті көлем сатып алдық. Сонымен қатар, Қазақстанда коммерциялық ұйымдар басқа вакциналарды енгізуде. Менің білуімше, 70 мыңға жуық доза «Флювак» брендімен әкелінді. Қазақстанда вакциналардың басқа түрлері де бар. Сондай-ақ, коммерциялық жеткізушілер ол өнімдерді Қазақстан нарығына жеткізеді, - деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.
Өзгелердің жаңалығы