Бас жаңалықтар
Спортшы Қуат Хамитов үш жылға қамалуы мүмкін
18 Қаңтар 2021, 18:33 906

Спортшы Қуат Хамитов үш жылға қамалуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовке қатысты сот процесі басталды. 

Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қ.Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, – делінген сот хабарламасында

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабы 3-бөлігінің (Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру) санкциясы үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. 

Айта кетейік, былтыр қыркүйек айында тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған еді.

Кеше адамдар тағы да дезинфекция жасай бастады. Халықты улап жатыр. Бұл адамдарды көрсеңіздер тепкінің астына алыңдар, таспен, таяқпен ұрыңдар. Халықты улауын доғарсын. Ал тозаң шашып жүрген тікұшақ көрсеңдер, автоматпен атып түсіріңдер. Бәрі соғыстағыдай: біреулерді тоқтатсақ, мың адамды құтқарамыз, - деген еді видео-мәлімдесінде Қуат Хамитов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...