Бас жаңалықтар
«Спутник V» вакцинасы Македонияда тіркелді
07 Наурыз 2021, 18:06 317

«Спутник V» вакцинасы Македонияда тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Македонияда ресейлік «Спутник V» вакцинасы тіркелді. Бұл туралы COVID-ке қарсы вакцинаның ресми сайтында хабарланды.

Ресейлік тікелей инвестициялар қоры Солтүстік Македония Республикасында коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы тіркелгенін мәлімдеді. Препараттың тіркелуі жеделдетілген процедура аясында жүзеге асырылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, аталған вакцина дүниежүзінің 46 елінде мақұлданды. Оның қатарында Беларусь, Боливия, Сербия, Алжир, Тунис, Иран, Парагвай, Палестина, Түрікменстан, Қазақстан және тағы басқа елдерде.

Қазақстанда «Спутник V» вакцинасымен жаппай егу жұмыстары 1 ақпанда басталды. Елімізде алғашқы болып бұл вакцинаны медицина қызметкерлері салдырды. Олардың басым бөлігі препараттың екі дозасын алып үлгерді. 

Ендігі кезекте ұстаздар мен тәртіп сақшылары вакцина салғызып жатыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...