«Спутник V» вакцинасын екі аптада 25 елде тіркеу жоспарланып отыр

28 Қаңтар 2021, 16:41
1203
Бөлісу:
«Спутник V» вакцинасын екі аптада 25 елде тіркеу жоспарланып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) басшысы Кирилл Дмитриев ресейлік коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасын жақын арада жиырмадан астам елде тіркелмек екенін айтты.

Бұл туралы ria.ru жазды.

«Спутник V» вакцинасы қазір 14 елде тіркелген, алдағы екі апта ішінде тағы 25-тен астам елде тіркеледі деп күтіп отырмыз, - деді Дмитриев онлайн форматта өткен Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум сессиясында.

РТИҚ басшысы қор әр елмен жеке жұмыс істегенін және вакцина өндірісі бойынша көптеген халықаралық серіктестік құрғанын атап өтті.

Айта кету керек, «Спутник V» адамның аденовирустық векторларының жақсы зерттелген платформасына негізделген және ол Ресей, Беларусь, Аргентина, БАӘ, Венгрия, Сербия, Боливия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай және Түркіменстандағы реттеушілердің мақұлдауына ие болды. 

Вакцинаны ЕО мен ДДСҰ-да тіркеу процесі басталды.

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Ресейден Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның қандай көлемде және қашан жеткізілетінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы