Стационарлық емдеуге "Фавипиравир" препаратын қостық – министр

5 Шілде 2020, 21:00
1188
Бөлісу:
Стационарлық емдеуге "Фавипиравир" препаратын қостық – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирус бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл дәрі көршілес мемлекеттерде, Европа аймағы мен Жапонияда кеңінен қолданылып жатқанын айтты.

Біз қазір стационарлық деңгейдегі емдеу кестесін кеңейттік. Клиникалық хаттамаға "Фавипиравир" атты препаратты қостық. Бұл дәріні біздің көршілес елдер де, Европа аймағы мен Жапонияда қолданылуда. Аталмыш препарат жақын күндері пациенттерді стационарлық деңгейде емдеу мақсатында келіп түседі. Дәрі коронавирус инфекциясымен ауырған науқастың жағдайы орташа ауыр және ауыр болғанда ғана қолданылады. Сонымен қатар, жақын арада отандық өндірушінің өнімін іске қоспақпыз. Осылайша, Қазақстанның бұл препаратқа деген қажеттілігін өзімізде қамтамасыз етпек ниеттеміз, - деді министр.

Алексей Цой онлайн брифинг барысында шетелдік мамандардың атсалысуымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцина апробациясына қатысты клиникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, келешекте халықты вакцинациялау мүмкіндігі бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы