Стенд атудан әлем кубогі өтіп жатыр

12 Мамыр 2021, 16:10
1182
Бөлісу:
Стенд атудан әлем кубогі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Лонато қаласында стенд атудан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Olympic.kz «скит» жаттығуы бойынша қазақстандық спортшылардың көрсеткішін назарларыңызға ұсынады.  

Әйелдер арасындағы сында қазақстандықтар сапынан ең жоғарғы нәтижесі Рината Насырова тіркеді. Ол 26-шы орында. Ольга Панарина 28-ші, Әсем Орынбай 31-ші, Зоя Кравченко 39-шы сатыдан көрінді.  Бұл бәсекеде америкалық Остин Смит жеңіске жетті. Күміс медальді ұлыбританиялық Эмбер Хилл, қоланы словакиялық Данка Бартеова еншілеген. 

Ерлер арасындағы сында Эдуард Ещенко 53-ші, Андрей Фролов 74-ші, Давид Почивалов 81-ші орынға жайғасты.  Египеттік Азми Мехельба алтын медаль алса, америкалық Винсет Ханкок күміс, италиялық Таммаро Кассандро қола жүлдені жеңіп алды. Италиядағы әлем кубогі кезеңі 17 мамырға дейін жалғасады. 

Өзгелердің жаңалығы