«Странджа-2021»: Отандық боксшы қола медаль еншіледі

26 Ақпан 2021, 22:50
1620
Бөлісу:
«Странджа-2021»: Отандық боксшы қола медаль еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс халықаралық «Странджа-2021» турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

Болгарияда өтіп жатқан байрақты бәсекеде ел қоржынына қола медаль түсті. 

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрқанат жартылай финалда жеңіліп қалды. 

Ақтық финал жолдамасын ол ресейлік Павел Сосулинмен сарапқа салып, 1:4 есебімен қарсыласына жол берді. 

Айта кетерлігі, «Странджа-2021» халықаралық бокс бәсекесі 28 ақпанға дейін жалғасады.


Өзгелердің жаңалығы