Су добынан іріктеу кезеңі: Қазақстан құрамасы кезекті рет жеңілді

23 Қаңтар 2021, 10:34
1254
Бөлісу:
Су добынан іріктеу кезеңі: Қазақстан құрамасы кезекті рет жеңілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеу турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы кезекті кездесуін Нидерландыға қарсы өткізді. Нәтижесінде 6:19 (1:5, 2:4, 0:4, 3:6) есебімен қарсыластарына жол берді. Ел сапынан Айжан Ақылбаева, Дарья Рога, Анна Турова (2), Дарья Муравьева және Анастасия Еремина көзге түсті. 

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы келесі кезеңде Словакия құрамасымен ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы