Бас жаңалықтар
Су тасқынының алдын алу үшін төтенше резервте 34 млрд теңге бар – ІІМ
25 Ақпан 2020, 10:10 1557

Су тасқынының алдын алу үшін төтенше резервте 34 млрд теңге бар – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы жергілікті атқарушы органдар осы жылы елді мекендерден 800 млн текше метр қар шығарған.

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде су тасқынының алдын алу мақсатында төтенше резервте 34 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті. 

Сонымен қатар, 287 елді мекенде су басу қаупі азайып, 1000 шақырым дамба жөнделген және 537 шақырым жағалау бекітілген.

Жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 800 млн текше метр қар шығарды. 13 мың тонна жанармай, 150 мың тонна құм, 840 мың құм салынған қап... дайындады. Төтенше резервте 34 млрд теңге қарастырылып отыр. Эвакуация болған жағдайда 1700 бекет дайындалды. Маршруттар жаңартылып, қажет көліктер бөлінді. Жергілікті әкімдіктер палатка және азық-түлік дайындады. Ішкі істер органдарынан 9 мың адам және 1730 техника дайын. Бүгіннен бастап "Көктем-2020" республикалық оқу-жаттығу бастадық. Су тасқынын болдырмау және алдын алуға арналған жол картасы іске асырылуда. Өткен үш жыл ішінде 437 елді мекен судан құтқарылды. 287 елді мекенде су басу қаупі азайды. 1000 шақырым дамба жөнделді, 537 шақырым жағалау бекітілді. Жол картасы бойынша 900 техника алынды, - деді министр.


Фото: дереккөз
Загрузка...