Бас жаңалықтар
Субсидияға онлайн өтініш беруге болады
20 Қаңтар 2020, 15:02 627

Субсидияға онлайн өтініш беруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Өз кәсібімді бастаймын" деген азаматтар субсидия немесе кепілдікке, жеңіл несиеге өтінімді online режимде бере алады. 

Клиенттерге қосымша қолайлы жағдай жасау үшін "online.damu.kz" порталы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы "Даму" қорының ресми өкілі Фархат Сәрсекеев хабарлады. 

Тұрақты институционалды дамудың стратегиялық бағдарламасы аясында Қорда барлық негізгі бизнес-процестер автоматтандырылды. Өткен жылы  онлайн қызметтер көрсету және өтінім қарау уақытын қысқарту, сонымен қатар клиенттерге қосымша қолдайлы жағдай жасау үшін online.damu.kz. порталы ашылды. Порталда кәсіпкерлер өз жобасының мемлекеттен көмек алу/сәйкестік (сала/өңір) мүмкіндігін тексере алады, - деп айтты спикер. 

Яғни, халықтың субсидия немесе кепілдікке, жеңіл несиеге өтінімді online режимде беруге мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, 2019 жылы Қор қолдау берген клиенттер 5 550 млрд теңгенің өнімін шығарып, 450 млрд теңгеден астам салық түсірген.

Былтыр отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 67,5 млрд теңге тартылды. Оның ішінде Азия даму банкінен 35,3 млрд теңге бар. Әріптестік жөніндегі 8 меморандум/келісімге халықаралық ынтымақтастық аясында қол қойылды, - деп мәлімдеді "Даму" басшысының оң қолы Фархат Сәрсекеев.

Оның айтуынша, мемлекеттен қолдау алған кәсіпкерлер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жатыр. Атап айтқанда, Қор қолдаған кәсіпкерлер былтыр 5 471 млрд теңгенің өнімін шығарған, 443,2 млрд теңге салық түсіріп, 8,7 мың жұмыс орнын ашқан.


Фото: автордан
Загрузка...