Демалыс күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?

21 Ақпан 2020, 16:18
1821
Бөлісу:
Демалыс күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 22-24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктер хабарлауынша, оңтүстік циклон Қазақстанға ауысуда.

Орталық Азиядан ауысып келе жатқан белсенді циклон сенбі күні Қазақстанның орталық аудандарынан, ал күндіз республиканың шығысында да күтілуде. Демалыс күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар, тұман, көктайғақ және күшті екпінді жел тұрады, - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Қазақстанның орталығы мен шығысында оңтүстік циклонныі әсерінен қар жауады, жексенбі күні кей жерде күшті, боран, күртік қар мен күшті жел соғады. Циклонның артынан Поволжья аудандарынан антициклон ығысады, ол жауын-шашын мен аздаған суытуды тоқтатады.                          

Ауа температурасы төмендесе де, ол әлі де орташа көпжылдық мәндерден 3...6°С жоғары болады.

Өзгелердің жаңалығы