Сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шаралар пысықталды

11 Желтоқсан 2019, 04:24
7431
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шаралар пысықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жемқорлықпен күрес күніне орай облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен жиында сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шаралар пысықталды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өңiрде бұл бағытта бiрнеше жоба жүзеге асырылуда. Олар мемлекеттiк органдардың ашықтығына және жаппай қоғамдық бақылау құруға бағытталған. Азаматтар басшылардың әлеуметтiк желiлердегi парақшаларына жазып, "Ашық әкiмдiк" платформаларын қолдана алады.

Ашық бюджеттiң интерактивтi картасы жасалды. Осының арқасында тұрғындар қаржының қайда бағытталып жатқанын көре алады, - дедi Құмар Ақсақалов.



Өзгелердің жаңалығы