Сыртқы істер министрлігінде гендерлік бастамалар талқыланды

23 Ақпан 2021, 11:45
1441
Бөлісу:
Сыртқы істер министрлігінде гендерлік бастамалар талқыланды

Нұр-Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан СІМ-де ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ләззат Рамазанова осы жылдың наурыз айында Нью-Йорк қаласында өтетін БҰҰ Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының 65-ші сессиясы қарсаңында Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұханмен кездесті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қос тарап сессияның күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан делегациясы жұмысының басым бағыттарын белгіледі, сондай-ақ шешім қабылдаудың барлық деңгейлеріндегі әйелдердің қатысуын кеңейту мәселелеріне қатысты сессияның негізгі тақырыбы бойынша «сағаттарды теңестірді».

Кездесуде сондай-ақ KazAID қазақстандық дамуға ресми көмек агенттігі шеңберінде дамуға техникалық көмек көрсету мәселелері қозғалды. Тараптар халықаралық серіктестер мен донорларды тарта отырып, оның жобаларының картасын кеңейтуге жәрдемдесуге уағдаласты.

Әйелдер кооперациясы мен гендерлік бастамалар ортасындағы халықаралық жобаларға ерекше назар аударылатын болады. Ұлттық комиссияға 2021 жылдың екінші жартысында Қазақстанда өткізу жоспарланып отырған «Еуропалық одақ - Орталық Азия» азаматтық форумына қатысу ұсынылды.

Күн тәртібінің тағы бір тармағы ретінде тараптар американдық үкіметтің Әйелдердің жаһандық дамуы мен өркендеуі жөніндегі бастамасы (W-GDP) шеңберінде АҚШ-пен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 

Бұған дейін Л.Рамазанова АҚШ үкіметі бастамашылық еткен «Әйелдердің экономикалық құқықтарын ілгерілету жөніндегі іс-қимылға шақыруға» виртуалды қол қою рәсімінде Қазақстанның атынан өкілдік еткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы