Бас жаңалықтар
Агенттік өкілі 2,5 млн теңге сыйақы алған вице-министрге қатысты пікір білдірді
PHOTO
10 Қаңтар 2020, 12:45 1434

Агенттік өкілі 2,5 млн теңге сыйақы алған вице-министрге қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаев қазақстандық шенеуніктердің жоғары жалақысы мен сыйақылары туралы айтты. 

Бұған дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында "ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева желтоқсан айында 2,5 миллион теңге көлемінде премия алды" деген ақпарат тараған болатын. Данияр Сабырбаев ақпаратқа түсініктеме бере отырып, мемлекеттік қызметкерлерге қол жайып жүруге болмайды деген пікірін білдірді. 

b7b1e16f2701e4d9298bdfcdc3b7b69c.jpg

Біз жалақымызды мақтан тұтамыз, біз бұл біздің жетістігіміз деп санаймыз. Бір жағынан, Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай жалақы төлей алатынына қуаныштымыз. Вице-министрдің жауапкершілік деңгейіне келетін болсақ, мұндай позицияның ұйым үшін маңыздылығы туралы айтар болсақ, бұл қалыпты жағдай деп ойлаймын. Әрине, біздің үлкен тілегіміз - мемлекеттік қызметшілер, құқыққорғау органдары мен армияға тиісті деңгейде төленсе. Бұл лайықты жалақы деп санаймын, - деді Парасаттылық департаментінің басшысы. 
WhatsApp Image 2020-01-10 at 12.44.49 (1).jpeg

Ол мемлекеттік қызметкерлер лайықты жалақы алғандары дұрыс және басқа мәселелерге алаңдамағанын құптайтынын айтты. 

Себебі, лайықты жалақы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негіздерінің бірі болып табылады. Неліктен мемлекеттік қызметкерлер аз жалақы алуы керек деп ойлайсыз? Менің ойымша, егер ол еңбек демалысын алса және оғана қоса сыйақы алса, осының бәрі үш миллионның ішіне кіріп тұрған шығар. Мүмкін ол премия мен еңбек демалысын соңғы үш жыл үшін алған шығар, - деген пайымын жеткізді.


Фото: дереккөз
Загрузка...