Тұрғындар бір тәулікте 100 мың парацетамол қорабын сатып алған

5 Шілде 2020, 20:31
1137
Бөлісу:
Тұрғындар бір тәулікте 100 мың парацетамол қорабын сатып алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұрғындар бір тәулікте 100 мың парацетамол қорабын сатып алған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру аясында тегін дәрі-дәрмек препараттарының тізбесі бар. Оған жедел вирустық респераторлық аурулар және ауруханадан тыс пневмониялар кіреді. Оның тізіміне антибиотиктар мен қызуды төмендететін дәрілер кіреді. Оларды емханаларға құрылған мобильді топтармен тегін жетізу қарастырылған, - деді ол. 

Тоғжанов атап өткендей, дәріханаларда дәрі-дәрмектің тапшылығы бар. 
Оған себеп: кейбір азаматтар дәрі-дәрмекті жаппай сатып алып жатыр. Кейбір тұрғындар парацетамолдың 10 қорабын сатып алып жатыр. Мәселен, мамыр айында Алматыда 50 мың парацетамол қорабын сатып алса, қазір бір тәулікте 100 мың парацетамол қорабын сатып алған. Мысалы, жылына 100 мың градусник сатылса, осы көлем бір аптаның ішінде сатылып кеткен, - деді ол.
 
Сондай-ақ, ол бұл салада көлеңкелі бәсекелестік бар екенін айтты. 
Осы орайда құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмектің шекті бағасынан асырмау бойынша тапсырма берілді. Анықталған фактілер бойынша заң бойынша жауапкершілікке тарту шаралары жүзеге асырылады. Бүгін ғана Президент бұл бойынша тапсырма берді. Шымкент қаласында осындай жағдай тіркелді. Дәрі-дәрмекті сатып алып, жоғары бағаға қайта сатқан адамдар заң бойынша жазаланады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы