Түркістан: елді мекендерді газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

27 Наурыз 2020, 06:11
1821
Бөлісу:
Түркістан: елді мекендерді газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан, Кентау қалалары мен оңтүстік аймақтарын толық газдандыру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Әзірге 40 елді мекен табиғи газбен толық қамтылған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысқан аппарат жиынында аймақты көгілдір отынмен қамтамасыз ету жайы талқыланды. Әзірге 40 елдімекен табиғи газбен қамтылған. Бұл облыс халқының 50%-ға жуығы ғана.

Жиында Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Игорь Алексеев аталмыш салада атқарылған жұмыстарды ортаға салды.

Қазіргі таңда 38 елді мекенге көгілдір отын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жоспар бойынша атқарылуда. "Қызылжар", "Жаңақоғам", "Қызыләскер", "Ескі Иқан", "Таскескен", "Жібек жолы", "Қақпақ" АГТС-н іске қосу жұмыстары биылға белгіленген. Сонымен қатар, облыс аумағындағы 262 нысанды республикалық меншікке өткізу мәселелері де шешілуде. Түркістан қаласында осы уақыт ішінде 7262 тұтынушыға газ жеткізілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 50%-ға арттыру көзделген. Шаһарда әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды газдандыру жұмыстары қатар жүруде. 315 нысанның 23-і қоғамдық моншалар. Алдағы уақытта газдандыру мәселесіне қатысты газ-техникалық инспекция жұмысын бастайды. Кентау қаласында алдағы мамыр айында барлық магистральдық газ және тарату құбырлары орнатылады. Қаланы газбен қамтамасыз ету үшін "Қызыләскер" АГТС-і іске қосылады. Кентауда көпқабатты тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз етіп, пәтерлерді жылыту қазандықтарына қосу жұмыстары қарқынды, - делінген баспасөз мәліметінде.

 

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021-2023 жылдар арасында облыстың оңтүстік аудандары табиғи газбен толық қамтылады. Бүгінге 5 ауданға газ құбырларын жеткізу жүзеге асуда. Алда Төлеби ауданын газдандыруды 100%-ға жеткізу көзделіп отыр. Үш жылдық жоспарға сәйкес, Түркістан аймағының елді мекендерін газ жүйесімен жабдықтап, табиғи газ жеткізу ісі 80%-ға дейін өседі.



Өзгелердің жаңалығы