Бас жаңалықтар
Түркістан облысындағы науқастар вирусты қайдан жұқтырғаны айтылды
03 Сәуiр 2020, 19:03 456

Түркістан облысындағы науқастар вирусты қайдан жұқтырғаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 3 сәуір күнгі соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 19 адам тіркелген. Оның ішінде 10 науқас - Жетісай  ауданында,  Кентау қаласында - 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал - 3, Ордабасы - 1 және Сайрам  ауданында - 2 адамнан тіркелді - делінген хабарламада.

Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 93 адам, Қарағанды облысында - 22 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 20 адам, Жамбыл облысында - 8 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 18 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 19 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 460 науқас тіркелді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...