Түркістанда 500 млн теңгеге жуық қаражат үнемделді

4 Желтоқсан 2019, 01:22
7531
Бөлісу:
Түркістанда 500 млн теңгеге жуық қаражат үнемделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бюджет қаражатын тиімді бөлу және үнемдеу мақсатында жүргізілген оңтайландыру жұмыстары аясында белгілі болды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Бүгінгі күні мемлекет саясаты тиімсіз шығындарды қысқартып, трансформациялау ісін ілгерілетуге айрықша басымдық беріп отыр. Штат санын оңтайландыру процесі ел бюджетінің тиімді жұмсалуына ықпал етіп, әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін ұтымды жүйе болғандықтан, қазіргі кезде еліміз үшін аса маңызды  бағыттың  біріне айналды.

Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған "Түркістан – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі аясында бюджет қаражатын тиімді бөлу және үнемдеу мақсатында Түркістан облысына қарасты қала, аудандардағы мемлекеттік мекемелерде мониторингтік жұмыстары жүргізілді.

Оңтайландыру жұмыстары барысында қайталанатын функцияларды алып тастау жолы қарастырылып, облыс бойынша жалпы саны 1001 штат қысқартылды.

Түркістан облысында жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде,мемлекеттік мекемелерді трансформациялаудың табысты тәжірибесі қолданылып, мемлекет бюджетінен жалпы соммасы 454 млн 296 мың теңге үнемделіп отыр, - делінген әкімдіктің хабарламасында. 

Айта кетсек, оңтайландырудың негізгі мақсаты -  өңірде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды жасақтау мен  кепілді еңбекақымен қамтылған тиімді мемлекеттік аппаратты құру болып табылады.



Өзгелердің жаңалығы