Бас жаңалықтар
Түркістанда коронавирус жұқтырған бесінші азамат Жетісай тұрғыны
01 Сәуiр 2020, 13:15 1361

Түркістанда коронавирус жұқтырған бесінші азамат Жетісай тұрғыны

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысындағы коронавирус індетінің қазіргі жағдайына байланысты тікелей эфирде шұғыл баспасөз мәслихаты болып өтті.

Баспасөз мәслихатында Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі арқылы тікелей эфирге шыққан спикер, Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, бас санитар Нұрбек Нышанов облыстағы жағдайды баяндап берді. Оның айтуынша, бүгінде облыста 5 жағдай тіркеліп, 41 адам емдеу мекемелерінде оқшаулауға алынған. 
Бүгінге дейін Түркістан облысы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің  мәліметі бойынша, коронавирус жұқтырған 5 жағдай тіркеліп отыр. Ең бірінші кезекте Жетісай ауданының азаматшасы тіркелді. Ол Нұр-Сұлтан қаласында өз шаруасымен іс-сапарда болып келген. 23 наурыз күні келген. Келгеннен кейін 27 наурыз күні ыстығы көтеріліп, жоғары вирустық клиникалы болуына байланысты  30 наурыз күні ауруханаға жатқызылып, сынамалар алынды. Зерттеу сынама нәтижелері бойынша коронавирустық жұқпасының оң нәтижесі анықталды. Сондай-ақ, осы ошақта онымен қарым-қатынаста болған үш азаматты оқшаулаған болатынбыз. Олардың да сынамасы алынып, соңғы күндері бір ошақтан 4 жағдайда науқастар тіркелді. Одан бөлек, 5-ші жағдай тіркелді. Ол да Жетісай ауданының азаматы. Алматы қаласында іс-сапарда болған. Ол да келіп ауруханада жатып, сынама алынды. Түнгі уақытта алынған сынама анализдері расталып отыр. Осы ошақтарда денсаулық сақтау министрлігі,  "Ұлттық сараптама орталығы" Түркістан облысы бойынша дезинфекциялау орталығы күштерімен дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, ошақтар  залалсыздандырылды. Сол ошақта қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталды. Қазіргі таңда 41 адам есепке алынды. Олардың барлығы емдеу мекемелерінде  оқшауланып, зерттеу сынамалары алынып, жұмыстар жалғасып келеді, - деді бас санитар Нұрбек Сыдықбекұлы.  

Айта кетейік, облысымызда 2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Covid-19 коронавирустық инфекциядан  қолайсыз елдерден келген 495 адам мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде 1 "а" санатындағы елдерден келгені – 9 адам, 1 "б" санатындағы елдерден келгені – 486 адам.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...