Түркістанда "Smart-мектеп" жобасы қолға алынды

29 Ақпан 2020, 08:46
2329
Бөлісу:
Түркістанда "Smart-мектеп" жобасы қолға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Түркістан қаласындағы 3 бірдей оқу орнында "Smart-мектеп" жобасын енгізуді қолға алды.

Жобаның мақсаты – мектептегі қауіпсіздік деңгейін арттыру, оқу ордасындағы жүйелерді автоматтандыру.

Мәселен, Түркістандағы №10 әл-Фараби атындағы және №13 Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектептері мен №31 бастауыш мектеп және №27 IT-лицей мектебіне жаңа құрылғылар қойылды. Атап айтқанда, оқушылардың кіруін бақылау үшін турникеттер мен электронды құлыптар, бейнебақылау орнатылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бұдан өзге, алдағы уақытта мектептерге енгізілетін шкаф-локерлер - мектептің қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқушыларға карта не білезіктер тарқату жоспарлануда. Олар – оқушылардың келіп-кетуін электронды есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Ата-аналар сайтта отырып-ақ балаларының мектепке кіріп-шыққан уақытын көре алады, сондай-ақ осы сервистер қосылған жағдайда SMS-хабарлама да ала алады. 

Аталған мектептерге қазіргі таңда оқушылардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру мақсатында техникалық пәндерді оқытуға арналған "Stem Panel" жүйесі орнатылып, мектеп мұғалімдеріне және Түркістан қалалық барлық мектеп директорларына панелдердің фукционалдық артықшылықтарымен таныстыру үшін арнайы семинарлар өткізілген.

Сондай-ақ, басқарманының бастамасымен Түркістан қаласындағы №13 Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектепке "InCraft" ЖШС-ң демеушілігімен IT-сынып ашылды. Онда оқушылар ең үздік әдістемелер бойынша бағдарламауды тереңдетіп үйренеді. Жоба – техникалық және инженерлік мамандықтарға оқушылардың қызығушылығын арттырады. 

Айта кетерлігі, пилоттық жобада, метептердің қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында Түркістан қаласындағы 8 мектеп, Арыс қаласындағы 5 мектеп бейне-камералармен жабдықталды. Қазіргі таңда жергілікті полиция пунктеріне интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта облыстағы барлық мектептерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бейне-камераламен қамту жоспарлануда. 

Өзгелердің жаңалығы