Бас жаңалықтар
Түркістандағы аудандық аурухана оттегі концентраторымен толықты
15 Тамыз 2020, 09:45 515

Түркістандағы аудандық аурухана оттегі концентраторымен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының орталық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 10 дана оттегі концентраторы табыс етілді, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл жолы игі іске ықпал болған "Шұғыла" қоғамдық қоры. Пандемия басталғалы ауданда аурудың алдын алу және жұқпалы індеттің таралмауы үшін көптеген жұмыстар жүзеге асуда.

Жібек жолы жастарының ұйытқы болуымен, Сарыағаш ауданының орталық ауруханасына келген қор өкілдері дәрігерлерге алғыстарын білдірді. Оттегі концентраттары коронавирус пен пневмония секілді дертті емдеуге қолданылады. Аппарат тыныс алуды қалыпқа келтіріп, жүрек пен өкпенің ғана емес, бауыр мен бүйректің жұмысын жетілдіреді, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен орталық ауруханаға демеуші азаматтардың тарапынан 100 төсек орын, 60 дана оттегі балоны, 15 дана оттегі концентраторы, ЭКГ аппараты, 20-тонометр, 29- пульсоксиметр табысталған болатын.





Фото: ашық дереккөз
Загрузка...