Тұрмыстық зорлық-зомбылық: 6 айда 33 адам көз жұмды

6 Тамыз 2020, 17:25
2415
Бөлісу:
Тұрмыстық зорлық-зомбылық: 6 айда 33 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің ерекше істер жөніндегі аға тергеушісі Арман Мәтжан айтты. 

Құқық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есебіне сәйкес, 2015 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты 412 қылмыстық бұзушылық тірелді, оның 293-і сотқа жолданды. 2016 жылы 418 қылмыстық бұзушылық тіркелсе, оның 301-і сотқа жолданды. 2017 жылы 375 қылмыстық іс тіркеліп, оның 266-сы сотқа жолданды. 2018 жылы 793 қылмыстық бұзушылық тіркеліп, 537-сі сотқа жолданды. 2019 жылы 898 қылмыстық бұзушылық тіркелді, 525-сі сотқа жолданды, - деді ол. 
Ол атап өткендей, биылғы 1 қаңтардан 5 тамызға дейін тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты 454 қылмыстық бұзушылық тіркелді. 
16 наурыз бен 11 мамыр аралығында 156 қылмыстық бұзушылық тіркелді. 5 шілдеден 5 тамызға дейін 7 қылмыстық бұзушылық тіркелді. Оның екеуі сотқа кетті. 2020 жылғы 16 наурызда төтенше жағдай енгізілгеннен бастап 5 тамызға дейінгі аралықта 241 тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс тіркелді. Оның ішінде 33-і адамдардың өлімімен аяқталды, - деді аға тергеуші. 

Өзгелердің жаңалығы