Бас жаңалықтар
Төрт облыста дауылды ескерту жарияланды
28 Қыркүйек 2020, 23:30 423

Төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 29-30 қыркүйек күндері елімізде төрт облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 

 Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. 

Қарағанды қаласында тұман түсуі ықтимал. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 

Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман түседі. 

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23 м/с жел соғады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

 Қызылорда қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел, шаңды дауыл соғады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...