Бас жаңалықтар
Төтенше жағдай режимін бұзған тұрғындар анықталды
03 Сәуiр 2020, 21:56 201

Төтенше жағдай режимін бұзған тұрғындар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері төтенше жағдай режимінің бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының аумағында карантиннің енгізілуіне байланысты облыс орталығының көшелерінде бақылау күшейтілді. Шектеу шаралары күшейтілсе де, кейбір азаматтар төтенше жағдай талаптарын елемейді. Оларды сақтамау эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Петропавл қаласында шектеу шаралары мен карантин енгізілген сәттен бастап төтенше жағдай режимінің 20-ға тарта бұзушылығы анықталды. Полиция қызметкерлері Петропавл қаласының орталық көшесінде ер адамды тоқтатты. Оның айтуынша, жұмыс іздеп көшеге шыққан. Ал Назарбаев пен Караванная көшелерінде тұратын екі жас жігіт мәдениет және демалыс саябағында серуендеп жүрген. Бұл төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзу болып табылады. Қала тұрғындарына қатысты материалдар жиналды. Сот шешімімен олар 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Үйден тек аса қажет болғанда ғана – жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға, жұмысқа барғанда және қоқыс шығарғанда шығуға болады. Жұмысқа бара жатқан адамдардың қолында жұмыс орнынан анықтамалары мен маршруттық парағы болуы тиіс, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Қазіргі уақытта қалада кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынған. 65 жастан асқан адамдар өздерін оқшаулап, сыртқа шығуды шектеулері тиіс. Қала тұрғындарына қонаққа баруға, көршілерінің, достарының, туыстары мен әріптестерінің келуіне тыйым салынған. Бүгін үй-жайдан қажетсіз себептермен кету үшін төтенше жағдай режимін бұзудың 13 фактісі анықталды. Барлық бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік материалдар жиналып, қарау үшін Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...