Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет президенттер кездесуі тікелей эфирден берілді

22 Қараша 2019, 12:37
3327
Бөлісу:
Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет президенттер кездесуі тікелей эфирден берілді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға Швейцария Конфедерация президенті – қаржы министрі Ули Маурер келді.

Бүгін сағат 11:30-да "Хабар 24" телеарнасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Швейцария Конфедерациясының президенті Ули Маурердің ресми салтанатты кездесуін тікелей эфирде көрсетті. Ресми салтанатты кездесу тұңғыш рет тікелей эфирден берілді, - деп жазды президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. 
Ақордада кеңейтілген және кіші форматта екіжақты саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық бағыттарда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады.



Естеріңізге сала кетейік, ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцарияның Конфедерациясының президенті – қаржы министрі қаржы департаментінің министрі Ули Маурермен келіссөздер өткізген болатын.
Өзгелердің жаңалығы