Таиланд туристер үшін 1 шілдеден бастап ашық

30 Мамыр 2020, 11:57
1474
Бөлісу:
Таиланд туристер үшін 1 шілдеден бастап ашық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 шілдеге дейін елде төтенше жағдай мен коменданттық сағат тоқтатылуы тиіс.

Таиланд туристер үшін 1 шілдеден бастап толық ашылуы мүмкін. Корольдік үкіметі жаздың орта шенінде бизнес пен туризмге қатысты барлық шектеулерді алып тастамақ. Бұл туралы The Thaiger басылымы хабарлады.

1 шілдеге дейін Таиландта төтенше жағдай мен коменданттық сағат тоқтатылуы тиіс. Басқа да тыйымдар біртіндеп алына бастайды, оның ішінде ішкі және халықаралық сапарлар да бар.

Алайда, маска тағып жүру және әлеуметтік қашықтық туристерге жол ашылғаннан кейін де міндетті болып қала бермек.

29 мамырдағы жағдай бойынша Таиландта коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 3 076. Соңғы тәулікте 11 оқиға тіркелді. Жалпы, қайтыс болғандар саны 1 957.
Өзгелердің жаңалығы