Таласбектануға арналған байқау жарияланды

16 Мамыр 2021, 21:00
1445
Бөлісу:
Таласбектануға арналған байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таласбектануға арналған әдеби байқау жалғасаын табады. Бұл туралы журнлист, ақын Таласбек Әсемқұловтың шәкірттерінің бірі Ербол Алшынбай хабарлады.

Өткен жылы жазушы, күйші Таласбек Әсемқұловтың 65 жылдық мерей тойына орай жары Зира Наурызбаева әдеби байқау ұйымдастырғаны белгілі. Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген байқау биыл да жалғасын таппақ. Бәйгенің басты тақырыбы – таласбектану. Бас жүлде Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығы туралы жазылған ең мықты зерттеу мақалаға беріледі. Таласбек шығармашылығының әр қырынан талдап жазуға болады. Бір ғана талап − интеллектуалдық деңгей - дейді Ербол Алшынбай.

Таласбек туралы мақалалар я сілтемелерді үміткерлер сайттарға, болмаса Фейсбук парақшаларына #TalasbekAsemkulov2021 хэштегімен салуы және talasbekasemkulov2021@gmail.com поштасына жолдауы тиіс.

Байқауға қатысатын еңбектер жариялаған күннен бастап 2021 жылдың 1 тамызына дейін ұсынылуы керек. Бәйге нәтижесі 2021 жылдың 23 қыркүйегінде жарияланады. Ізденетін жастарға бір бағыт – Таласбектің 1973-95 жылдары жазылған, белгісіз мақала, әңгімелері кітапханадан табылып қалуы мүмкін. Телерадио, жеке архивтерде сол кезеңде жазылған хабарлар болуы мүмкін. Ондайды тапқан адамға сөзсіз бәйге беріледі - дейді ұйымдастырушылар.

Жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен марапатталады:

1-орын 150 000теңге
2-орын 70 000 теңге
3-орын 50 000 теңге.

Өзгелердің жаңалығы