Талдықорғанда тепловоздарға арналған аккумуляторлар шығарылады

25 Мамыр 2020, 17:00
1884
Бөлісу:
Талдықорғанда тепловоздарға арналған аккумуляторлар шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қорғасынды аккумуляторлар зауыты 1975 жылы іске қосылып, жеңіл, жүк автомобильдері мен ауыл шаруашылық техникаларына арналған аккумуляторлық батареялар шығара бастады.

Кейіннен Талдықорған қорғасынды аккумуляторлар зауыты "Қайнар-АКБ" ЖШС болып өзгертілді. Бүгінде "Қайнар-АКБ " компаниясы - аккумуляторлық батареялардың отандық тауар өндірушісі.  


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша батареялардың барлық құраушылары зауытта жасалады. Яғни бөлшектер мен жинақтауыштарды құюдан бастап дайын бұйымдарды құрастырғанға дейінгі толық процесс жүргізіледі. Осылайша кәсіпорын отандық тауар құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Жаңа технологияларды, жоғары сапалы материалдар мен белсенді массалар үшін арнайы қоспаларды қолдану нарықтың қатаң талаптарына сай келетін аккумуляторлық батареялар өндіруге мүмкіндік береді. Тауар сапасына кепілдік береді және шығарылатын өнімнің түрін ұлғайта алады. 

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында компания өндірісті толық қайта жаңартып, АҚШ, Еуропа елдерінің әлемдік өндірушілерінен жабдықтар сатып алынды және жаңа технологиялар енгізілді.

Зауытта құрастыру жабдықтарын өндіруде көшбасшы - австриялық "ВМ" компаниясы әзірлеген сыйымдылығы 45-тен 230 Ач-ға дейінгі аккумуляторлық батареялар үшін құрастыру кешенінің соңғы модификация-құрастыру желісі енгізілді. Аккумуляторлық батареяларды құрастыру автоматты түрде атқарылады. Желі жұмысы процесінде қызметкерлер тораптар мен тетіктер жұмысын, жинақтаушы бөлшектерді арнайы жинақтағыштарға беруді, яғни тек жалпы бақылау жасайды.

Аккумуляторлардың оң және теріс торлары қорғасын-кальцийлі лентаны экспандирлеу технологиясы бойынша алынады. Лентаны "Sovema" (Италия) фирмасының "Strip Line" жабдықтарында бірнеше рет айналдыру, кейіннен "Exmet технологиясы" перфорациялау жолымен және "Battery Technology Solutions Inc" (Канада) компаниясының лентасын құю және экспандациялау бойынша желіде алады. Технология тоттанудың алдын алып, өздігінен қуатсызданудың төмен жылдамдығын қамтамасыз етеді. Бұл батареяға сенімділік пен ұзақ уақытқа кепілдік береді. Осы технология бойынша "Varta", "Exide", "Yassa" аккумуляторлық батареяларын дайындайды. Батареялардың электродты тілімдері "Sovema" (Италия) автоматтандырылған желісінде және "Battery Technology Solutions Inc" (Канада) желісінде өндіріледі. Қорғасын пастасын (белсенді массаны) дайындау миксерлерде автоматты түрде берілген бағдарламамен жүргізіліп, онда араластыру қатаң бекітіледі.

"Қайнар" аккумуляторлық батареяларын өндіру технологиясының арқасында Сібір, Орта Азия және Қазақстандағы (- 60С-тан +60С-қа дейін) шұғыл континентальды ауа-райы жағдайында өнімдер сенімді жұмыс істейді.

"Экологиялық таза қала" жобасын іске асыру аясында зауыт аумағында кәдеге жарату бойынша ауқымды жоба іске асырылды. Аккумуляторлық батареяларды фракцияларға бөлудің автоматтандырылған желісі жұмыс істеді: металдандырылған қорғасын, паста, полипропилен. "Engitec Technologies LTD" (Италия) жетекші компаниясы жобалаған және орнатқан электролитті бейтараптандыру жүргізілді. Пайдаланылған аккумуляторларды қайта өңдеу бойынша осы технология - Қазақстандағы бірінші және бірегей жоба:

- жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, пайдаланылған аккумуляторларды фракцияларға бөле отырып, экологиялық қауіпсіз өңдеуді жүзеге асыру; аккумуляторларды кәдеге жарату кезінде қоршаған ортаға тасталатын он мың тонна мөлшерінде есептелетін қорғасын - құрамдастардың едәуір санын экологиялық айналымнан шығару;

- алынған фракциялардан тауар өнімдерін алу: одан әрі дайын өнімді өндіру үшін пайдаланылатын қорғасын және пластмасса. Зауыттың электротермиялық пештерінде айына 1100 тонна тауарлық қорғасын мен қорытпаларды өндіреді.

Бүгінгі таңда компания ТМД елдерімен қатар, отандық аккумуляторларды Германия, Польша, Қытай, Ауғанстан, БАӘ елдеріне экспорттайды. 2019 жылдың қарашасында Италияға тауар жөнелтілді. Сонымен қатар кәсіпорын бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экспорттық әлеуетті дамыту үшін 2010 жылдың тамызынан бастап "Кайдзен" (Жапония) – "өндірістегі басқару технологиялары" жүйесін енгізуде.

Өзгелердің жаңалығы