Талғат Момышев жаңа қызметке тағайындалды

22 Қаңтар 2021, 11:03
1243
Бөлісу:
Талғат Момышев жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрінің бұйрығымен Талғат Амангелдіұлы Момышев министрлік аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. 

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 

1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. 

1994-1996 жылдары — «Қарахан» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.  

1997-1998 жылдары — Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары. 

1998 жылы — «Интерсистема» ЖШС президенті.  

1998-1999 жылдары — Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.  

1999-2000 жылдары — Жамбыл облыстық Инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.  

2000 жылы — «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары. 

2000-2005 жылдары — «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы. 

2005-2010 жылдары — Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары. 

2010-2014 жылдары — Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 

2014-2016 жылдары — Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 

2016-2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.  

2018-2019 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.  

2019 жылғы 8 сәуірден 2021 жылғы 19 қаңтарға дейін — Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.

Өзгелердің жаңалығы