Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды

17 Сәуір 2021, 23:31
2576
Бөлісу:
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара кездесу 6:2 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді.

Осы салмақта үндістандық Каран Каран мен қырғызстандық Исламбек Оразбеков қола жүлдеге иелік етті.

Өзгелердің жаңалығы