Бас жаңалықтар
Танымал режиссер Рүстем Әбдірашевтің ұлы қайтыс болды
12 Қараша 2019, 11:15 7124

Танымал режиссер Рүстем Әбдірашевтің ұлы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал режиссер Рүстем Әбдірашевтің ұлы Ақназар жол апатынан қаза болды. 

"Қазақ хандығы", "Елбасы жолы" қатарлы ірі туындыларды дүниеге әкелген белгілі режиссер Рүстем Әбдірашевтің ұлы Ақназар оқыс жағдайда қайтыс болды. 
Оның өліміне жол апаты себеп болған. Бұл туралы "Қазақфильм" АҚ-ның бұрынғы баспасөз хатшысы Айнұр Исаева жазды.
Әбдірашовтар әулеті орны толмас қайғыға тап болды. Рүстем ағаның Ақназар атты ұлы мезгілсіз көз жұмды. Көлік соққысынан тіл тартпай кетіпті, періште. Рүстем аға және барша Әбдірашовтар әулеті, сіздерге қайғырып көңіл айтамын, - деп жазды Facebook-тегі парақшасында Айнұр Исаева.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...