Бас жаңалықтар
Танысы пышақтап кеткен ер адам көз жұмды
02 Желтоқсан 2020, 02:37 298

Танысы пышақтап кеткен ер адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алты күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан 48 жастағы ер адам сол күйі ес жимастан көз жұмды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 20 қараша күні кешкі сағат 23.30 шамасында Орал қаласындағы Январцевская көшесінде орналасқан үйде болған.

БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, 48 жастағы танысымен сөзге келіп қалған 51 жастағы ер адам оны пышақтап тастаған. 

Зардап шеккен азамат облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Алайда 26 қараша күні ер адам ес жимастан көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы – «Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген ПД хабарламасында.     


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...