Таразда қала тұрғындарына арналған жаңа демалыс орны ашылды

24 Қыркүйек 2020, 14:10
2809
Бөлісу:
Таразда қала тұрғындарына арналған жаңа демалыс орны ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздықтар үшін демалатын және серуендейтін жаңа орын – «Арбат» жаяу жүргіншілер аллеясы ашылды. 

Оның көрнекті орындарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай бой көтерген биіктігі 30 метрлік «Қазақ халқына мың алғыс» монументі. 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құрылысқа атсалысқандардың барлығына пандемияға қарамастан жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтағандары үшін алғыс білдірді. 

Таразда қала тұрғындарына арналған жаңа демалыс орны ашылды

Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі ұлтаралық қатынастарды нығайту жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Біз соғыс, ашаршылық, репрессия секілді көптеген қиындықты бірге еңсергенбіз, оны бүгінгі ұрпақ жете біліп, түсінуі әрі есте сақтағаны аса маңызды. Қазақтар бауырлас халықтарға қиын-қыстау кезеңдерде қол ұшын созып, бауырыңа баса білді. Бұл ескерткіш олардың қазақ халқына шын жүректен алғыс білдіруінің белгісі. Ең бастысы – елімізде тұратын барлық этностың достығы, бейбітшілігі мен ынтымағы. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтар тең жағдайда өмір сүруі керек деп үнемі айтып келеді. Сондықтан әр этностың өз тілін, дәстүрін, әдет-ғұрпын және мәдениетін сақтап қалуы үшін көп күш жұмсалды. Біздің тәуелсіздік жылдарындағы ең маңызды жетістігіміз – сақталып, нығайып келе жатқан ұлтаралық достығымыз, - деді Сапарбаев.   

Аймақ басшысы қала тұрғындарымен бірге 580 метрлік аллеяны аралап көрді. Онда әр қадам сайын түрлі-түсті қалыпта безендірілген формалар келушілерге әдемі әсер сыйлады. Қонақтарды көше музыканттары мен ұлттық әндерді орындаушылар тамаша әуенмен қарсы алса, жергілікті қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмелері де жиналғандардың қызығушылығын оятты. 

Таразда қала тұрғындарына арналған жаңа демалыс орны ашылды

Этномәдени бірлестіктер қонақтарға ұлттық дәм ұсынып, түрлі бағдарламар арқылы мерекелік көңіл-күй тарту етті.  

Біз екі сазды және екі құрғақ субұрқақ орнаттық. Тараздықтарға олар ұнайды деп сенеміз. Қазірдің өзінде бұл субұрқақтар балалардың қызығушылығын оятып жатқанын байқап отырмыз. Күз айында күннің қысқаратынын ескеріп, жарықтандыру мәселесіне айрықша көңіл бөлдік. Барлық жолдар мен сәулет құрылымдары гирляндалармен жарықтандарылған. Сондай-ақ, қаланың әрбір тұрғыны мен қонағы аллея секцияларының бірінің төбесінде жасалған креативті инсталляция – Қазақстан Республикасының Туымен жақынырақ танысуы тиіс, - деді мердігер компанияның өкілі Еркін Сейдехан. 

Таразда қала тұрғындарына арналған жаңа демалыс орны ашылды

Жаңа демалыс орны көз сүйсіндіреді. Қала тұрғындары оған жоғары бағасын беріп, ризашылықтарын жеткізуде. 

Таразда қала тұрғындарына арналған жаңа демалыс орны ашылды

Қазір қала ертегідей өзгеріп, түрленіп келеді. Көрікті орындар көбейді. Әр кеш сайын серуендейтін кезде, қайсысын таңдарымызды білмей, абдырап қаламыз. Бұл жағымды көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз. Жерлестеріміз мұндай тамаша тартуларды ықыласпен қабылдап, оны күтіп-баптап ұстауға барынша ден қойып, ұзақ жыл бойы сақталуына үлес қосады деп сенемін, - деді өзінің әсерімен бөліскен облыс орталығының тұрғыны Айгүл Сыздықова.

Өзгелердің жаңалығы