Таразда халықты алдап, ақшасын иемденген екі тұрғын ұсталды

28 Қаңтар 2021, 11:54
1424
Бөлісу:
Таразда халықты алдап, ақшасын иемденген екі тұрғын ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы 2020 жылы Жамбыл облысындағы ұрлықтың алдын алу және тергеу жұмыстарының қорытындысы туралы өткен брифингте Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Мадимаров баяндады.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 2020 жылы пандемия кезеңінде интернет алаяқтары көбейген. Карантиндік шектеулер, оқшаулау режимінде халықтың басым көпшілігі үйде отырып, интернет-сауданы жиі қолданды. Жамбыл облысының Полиция департаменті интернет алаяқтарымен күреске, әсіресе алдын алу шараларын жүзеге асыруға жіті назар аударды, - дейді полиция полковнигі.

Оның айтуынша, полицейлер аталған қылмыстың алдын алу мақсатында БАҚ-та халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде белсенді жұмыс жүргізді. 

Пандемия кезеңінде интернет алаяқтықтың 28 дерегі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Интернет-алаяқтықты анықтауда оң нәтиже бар. Мысалы, Жамбыл облысының ПД қызметкерлері Тараз қаласының 39 және 50 жастағы тұрғындарын ұстады, ол ақша еселеп беру сылтауымен жәбірленушілердің қаражатын иемденіп отырған, - деп айтты Ардақ Мадимаров.

Сондай-ақ, облыстың 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қайырымдылық көмегін жинауды сылтау етіп, өз қажеттілігі үшін кәсіпорындар мен ұйымдардан 10 миллион теңгеден астам қаражат жинаған.

Өзгелердің жаңалығы