Тараздағы оқиға: Жамбыл облысындағы барлық мектепте қауіпсіздік күшейтіледі

20 Қараша 2019, 00:57
4342
Бөлісу:
Тараздағы оқиға: Жамбыл облысындағы барлық мектепте қауіпсіздік күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның мәліметінше, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді анықтау, оның ішінде мектеп инспекторлары мен бейнекамералардың жетіспеушілігі, оқу орындарының аумағында қоршаудың, санитарлық жабдықтардың болмауы және басқа да мәселелер бойынша Жамбыл облысының полиция департаментімен арнайы жұмыс тобы құрылды.

Мектеп жанындағы аумақтарда кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстарды болдырмау бойынша жұмысты күшейту мақсатында күндізгі және кешкі уақытта полиция қызметкерлері мектеп әкімшілігінің өкілдерімен бірлесіп патрульдеу ұйымдастырады.

Сондай-ақ, мектеп инспекторларының іс-әрекет алгоритмі қайта қаралды. Мектептегі бейнебақылау камераларынан бейнелерді тек директордың кабинетіне ғана емес, сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен мектеп инспекторының кабинеттеріне шығару мәселесі қаралуда.

Тараз қаласының №6 орта мектебінде орын алған қылмысқа байланысты Тараз қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығына, Тараз қ. ПБ 2-полиция бөлімінің және 2-ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастықтарына, 2-ПБ ювеналдық полиция жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторына қатаң сөгіс жарияланды, ал мектеп инспекторы ішкі істер органдарынан шығарылды.Кәмелетке толмағандар жасаған және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мәселелері менің күнделікті бақылауымда, - деп жазды Арман Оразалиев.
Еске сала кетейік, Таразда 7-сынып оқушысын 38 жастағы ер адам зорлаған болатын. Бұл жағдай әжетханада болған.

 

 

Өзгелердің жаңалығы