Тараздық азаматтан 68 келіден астам есірткі табылды

30 Қазан 2020, 21:04
1327
Бөлісу:
Тараздық азаматтан 68 келіден астам есірткі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері «Қарасора-2020» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданының құмға жақын маңдағы аймағында есірткінің жасырын орнын қазу кезінде Тараз қаласының 29 және 37 жастағы тұрғындарын ұстады.

Жасырын қоймада жалпы салмағы 68 келі 450 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты салынған 9 полипропилен қап табылып тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, Тұрар Рысқұлов АПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Өзгелердің жаңалығы