Иманғали Тасмағамбетовтің қызына "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді

12 Желтоқсан 2019, 15:10
16662
Бөлісу:
Иманғали Тасмағамбетовтің қызына "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік награданы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттады.

Тасмағамбетова София Иманғалиқызы Нұр-Сұлтан қаласында сценограф және костюмдер бойынша суретші болып еңбек етеді.

Дәл қазір мемлекет басшысы Ақордада Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік наградаларды табыстап жатыр. 

image-12-12-19-04-19-2.jpeg

Табыстау рәсімінің алдында еліміздің жылда жеткен жетісігі мен егемендігіміздің қастерлігі туралы баяндама жасады.

Біз Тәуелсіздік жылдары жалпы ұлттық рухын күшейтіп, төрткүл дүниедегі болып жатқан өзгерістерге қарасақ, мұның аса маңызды екенін түсінеміз. Қазіргі таңда әлем қауымдастығы соңғы 50 жылда ең күрделі сенім дағдарысын бастан кешіруде. Бұл тұрақтылық пен ынтымақтастыққа қауіп төндіретін процесс. Азаматтар мен мемлекет институттар арасында қарама-қайшылықтар туып отыр. Күллі әлем жұртшылығы тұрмыс сапасын жақсартуды, тең мүмкіндіктер беруді және мемлекет ашықтығын талап етуде. Қазақстан - осы әлемнің бір бөлігі. Сондықтан, бұл мәселенің біздің елге де қатысы бар. Осындай жағдайда жалған ұрандарға сенген елдердің береке-бірліктен айырылғанына куә болып отырмыз. Сондықтан жағымсыз әрекеттерге дер кезінде назар аударып, халықтың мүддесіне сай саясат жүргізу өте маңызды. Ең алдымен, халықтың тұғыры әрқашан мықты болуы керек. Бұл халқымыздың татулығына байланысты. Бірлік бар жерде тірлік бар. Мемлекетімізді бақуатты елге айналдырып, азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсарту ұлттық стратегиямыздың басты мақсаты. Осыған орай бірқатар нақты міндеттерді шешу өзімнің басты мақсатым деп санаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
image-12-12-19-04-19.jpeg

Қазақстан президенті бүгін "Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы, "Отан" ордені, І дәрежелі "Барыс" ордені, ІІ дәрежелі "Барыс" ордені,  ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы, "Парасат" ордені, ІІ дәрежелі "Достық" ордені, "Құрмет" ордені, ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" ордені, ҚР әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаттарын марапаттады. 

Марапат алған тұлғалардың арасында Роза Рымбаева, Илья Жақанов, Сауытбек Әбдрахманов, Ерлан Қарин, Берік Уәли, Димаш Құдайберген бар. Толық тізімді мына сілтемеден оқи аласыз.

Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаева тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Өзгелердің жаңалығы