Бас жаңалықтар
Таулы Қарабақ қақтығысы: Армения қаза болғандарды еске алу күнін жариялады
22 Қараша 2020, 14:48 169

Таулы Қарабақ қақтығысы: Армения қаза болғандарды еске алу күнін жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияда 22 қараша Таулы Қарабақ қақтығысы кезінде қаза тапқан әскерилерді еске алу күні болып жарияланды.

Бұл туралы gazeta.ru жазды.

Қаза болғандарды еске алу күнін жариялау туралы бастаманы ел Президенті Армен Саркисян мен барлық армянның католиксі II Гарегин көтерген. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Әзербайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақ үшін соғыста қыркүйек айында 2 425 жауынгер мен офицер, 1637 мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының әсерилері көз жұмған. Бұл көрсеткіштер жаңаруы мүмкін. Өйткені елде әскерилердің шығыны әлі де есептеліп жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада Армения мен Әзербайжан, Ресей елдерінің басшылары Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату жөніндегі келісімге келген. Ресейдің бітімгерлік әскері Қарабаққа аттанған болатын. Арменияның азаматтары мұны капитулация деп қабылдап, Ереванда шеруге шығып, премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.


Фото: дереккөз
Загрузка...