Тәжікстан коронавирусты жеңгенін мәлімдеді

26 Қаңтар 2021, 15:29
1575
Бөлісу:
Тәжікстан коронавирусты жеңгенін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстан коронавирусты толықтай жеңді. Бұл туралы ел президенті Эмомали Рахмон жыл сайынғы парламентке жолдауында айтты. 

Тәжікстанда қазір коронавирус жоқ, оны толықтай жойдық, - деді Тәжікстан президенті. 

Дегенмен ол ел тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін жеткізді. 

Бізге еркінсуге және қауіпсіздік шараларын ұмытуға болмайды, - деп толықтырды Эмомали Рахмон. 

Президенттің мәліметінше, 2020 жылы Тәжікстан үкіметі пандемиямен күреске 145 млн доллар бөлген, елде жедел түрде 30 жаңа аурухана пайдалануға берілген. 

Коронавирус пандемиясымен күресте ауруханаларда науқастар үшін 7 мыңнан астам орын жасақталды, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарға 5 400 медицина қызметкері көмек көрсетті, - деді ол. 

Тәжікстанда 15 күннен бері коронавируспен ауырғандар тіркелмеген.

Өзгелердің жаңалығы