Елордада 50-ден астам техника дезинфекциялық жұмыстарға жұмылдырылды

1 Сәуір 2020, 16:57
1533
Бөлісу:
Елордада 50-ден астам техника дезинфекциялық жұмыстарға жұмылдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласында жүргізіліп жатқан дезинфекциялық жұмыстар туралы айтты.

Қалада коронавирусқа қарсы белсенді жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы халқының денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың 20 наурызынан бастап қаланың барлық нысанында адам көп шоғырланған жерлерде, сонымен қатар тұрғын-үй кешендері мен алаңдарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстары жүргізілуде.

Дезинфекция жұмыстары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің күшімен, атап айтқанда Қорғаныс министрлігінің радио-химиялық және бактериологиялық әскердің, қала әкімдігі мен дезинфекция жасайтын ұйымдардың күшімен күнделікті жүргізіліп отырады.

Дезинфекциялық шараларды жүргізуде 50-ден астам техника жұмылдырылған. 20 бірлік әскери техника, 200 бірлік роталық және бірнеше су шашыратқыштар пайдаланылады. Дезинфекция жұмыстарына күнделікті 470 дезинфектор адамдар, соның ішінде Қорғаныс министрлігінен 231 адам, дезинфекция жасайтын ұйымдардан 239 адам қатысады. Күнделікті әскердің күшімен 10 бағыт бойынша дезинфекция жұмыстары жүргізіледі, - деді спикер.
 
Өзгелердің жаңалығы