Бас жаңалықтар
Темекі өнімдері таңбаланады
24 Қаңтар 2021, 06:50 165

Темекі өнімдері таңбаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді темекі өнімі жайлы мәлімет оның қорабында көрсетіледі. Бұл туралы бүгін ведомство өкілдері мәлімдеді.

Жауаптылар сөзінше, таңба арқылы оның қайдан, қашан шыққанын анықтауға болады. Бұдан бөлек, шылымның контрафакт еместігіне де сол штрих код жауап береді екен. Осылай деген мамандар елдегі алаяқтардың қатарын азайтамыз деп отыр.

NaqtySauda.Kassa – бағдарламалық бақылау-кассалық машина болып табылады және басқа БКМ сияқты жұмыс істейді. Салық төлеушілер үшін бұл қосымшаны Google маркеттен жүктеп, бақылау-кассалық техникаңызды тіркеп, іске асыру кезінде пайдалануыңыз қажет. Біз тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығын ұйымдастырдық немесе техникалық қолдаудың e-mail поштасын жазуға болады. Бүгінгі таңда ақпараттық жүйеде 16 мыңнан астам қатысушы тіркелген. Айта кетейік, онда филиалдары бар ірі желілер тіркелген. Яғни бұл көрсеткіш филиалдық желілердің саны емес. 2D сканерге келетін болсақ, вендорлар 55 мыңға жуық сканер сатқан, бұл сауда нүктелерінің шамамен 60%-ын қамтамасыз етеді, - дейді жоба менеджері Алмат Исмаилов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...