«Темір жол аруы» анықталды

5 Наурыз 2021, 19:15
3051
Бөлісу:
«Темір жол аруы» анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Темір жол аруы 2021» фотобайқауының қорытындысын шығарды.

Байқау жеңімпаздары компанияның ресми сайтында 5 күндік онлайн-дауыс беру арқылы анықталды. Конкурсқа қатысу үшін 137 өтінім берілген. 

Дауыс берудің қорытындысы бойынша «Астана теміржол вокзалы кешені» филиалының технологиялық процесті ұйымдастыру бөлімі вокзал кешенінің кезекшісі Айгүл Баграмова жеңіске жетті. 

«Темір жол аруы» анықталды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің» өндірістік қауіпсіздік және экология қызметінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері Алтын Жұмағұлова екінші орынды иеленді. Сұлулық сайысында үшінші орын Ақтөбе қаласындағы есеп айырысу орталығында тауар кассирі Айнұр Жұмашеваға бұйырды. 

Тағы да жеті теміржолшы: «Ең сүйкімді», «Ең креативті», «Ең талғампаз», «Ең нәзік», «Ең шабытты», «Ең талғампаз» және «Ең әдемі күлімсіреу» номинацияларымен марапатталды. Олар: Айғаным Әбілмәженова, Жұлдыз Абықанова, Азиза Үрімханова, Зере Мұқанова, Жанар Жебекова, Нарғиза Русалиева және Сунаханум Әселдерова.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар тапсырылады және еліміздің парфюмерлік дүкендерінің бірінің сыйлық сертификаттарына ие болады.

Өзгелердің жаңалығы