Бас жаңалықтар
Теміртауда үйлерге жылу беріле бастады
28 Ақпан 2021, 13:08 339

Теміртауда үйлерге жылу беріле бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртау тұрғындарының үйлері жыли бастады. Пәтерлердегі орташа температура 19-21 градусты құрайды. 

Қарағанды облысы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, «АрселорМиттал Теміртау» ЖЭО-2 бес қазандықты да іске қосты. 

Температура нормадан төмен болып қалып отырған үйлердің тұрғындарына мәселелерді нақты анықтау үшін жедел желі нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: әкімдіктің диспетчерлік бөлімі - 44-43-22; «Оқжетпес - Т» диспетчерлік бөлімі - 98-08-66, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қалада үш қазандықтың апаттық тоқтауы орын алған болатын, соның салдарынан пәтерлерде температура нормадан төмен түсіп кетті.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Теміртаудағы жағдай бойынша кеңес өткізіп, облыс прокуратурасына, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен энергобақылауға кешенді тексеру жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ өңір басшысы биыл ЖЭО-2-де 7-қазандықтың құрылысын аяқтауды тапсырды.



Фото: дереккөз
Загрузка...