Бас жаңалықтар
Теңіз кен орнындағы өрттің алдын ала себебі айтылды
07 Наурыз 2021, 04:31 926

Теңіз кен орнындағы өрттің алдын ала себебі айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтардың бірінде 5 автобус өртенген. Сарапшылардың пікірінше, өрт автобустардың бірінің мотор қозғалтқышындағы сымдардың қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін, деп хабарлайды «Мой город» порталы. 

Өрт 5 наурызда сағат кешкі 19:30-да басталған. «Теңіз» вахталық қалашығындағы ССЕР компаниясының тұрағында бір автобус өртенген. Оны компания қызметкері байқаған. 

Оқиға орнын «Теңіз» вахталық қалашығындағы полиция бөлімшесінің қызметкерлері қоршаған. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен соққан жел салдарынан жалын басқа автобустарға шарпып, 5 автобус өртенген, – деп жазылды ССЕР компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Өрт кешкі сағат 21:00-де толық сөндірілді. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Компания қызметкерлері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

Сарапшылардың пікірінше, өрт автобустардың бірінің мотор қозғалтқышындағы сымдардың қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін. Бұл өрттің алдын ала себебі болып саналады, – деп жазылған хабарламада.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...