«Тіл-Қазына» орталығы ертең онлайн ойталқы өткізеді

25 Ақпан 2021, 15:50
1446
Бөлісу:
«Тіл-Қазына» орталығы ертең онлайн ойталқы өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ертең онлайн форматта «Мемлекеттік тіл: үйренушінің көзқарасы» атты ойталқы алаңын ұйымдастырады.

Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласында айтқан: «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады», «...тек тілді меңгеруге ниет керек» деген пікірін мемлекеттік тілді үйренушілердің өз ортасында талқыға салып, олардың жеткен жетістіктері бойынша тәжірибе алмасу, ал тілді меңгеруге кедергі келтіріп тұрған қандай да бір тосқауылдар болса, оның да жай-жапсарын ойталқы барысында ашып, мемлекеттік тілді оқыту стратегиясында есепке алу.

Онлайн ойталқы алаңына Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Павлодар, ШҚО, Қостанай, Қызылорда, Алматы облыстарындағы Тілдерді оқыту орталықтарында мемлекеттік тілді қарапайым деңгейден бастап базалық, орта, ортадан жоғары деңгейлерге дейін меңгерген қоғамның әртүрлі саласының қызметкерлері, яғни орталық тіл үйренушілері қатысады.

Өзгелердің жаңалығы