Өтінішті үйден шықпай жіберіңіз

1 Сәуір 2020, 16:35
2791
Бөлісу:
Өтінішті үйден шықпай жіберіңіз

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы облысының әкімдігі халыққа өтінішті үйден шықпай жіберуге шақырды.

Әкімдіктің мәлімдемесінде COVID-19 вирусының мемлекетте шығуына байланысты Қазақстан Республикасында енгізілген төтенше жағдай бойынша үйден аса қажетсіз жағдайда шықпауға, сондай-ақ адам көп жиналған мекемелерде болуға тыйым салынғаны айтылады.

Проблемалар, өтініштер, сұрақтар туындаған жағдайда сізден open-tdk.kz порталы арқылы мемлекеттік органдарға өтінім беруіңізді сұраймыз. Қысқа уақыт аралығында сіздің өтініміңізге мемлекеттік органдардың жауапты мамандары жауап қайтарады. Осы портал арқылы БІЗ БІРГЕ тікелей байланысты қысқарту отырып, вирустың таралу ықтималдығын азайтамыз!,-делінген хабарламада.

WhatsApp Image 2020-04-01 at 16.22.35.jpeg

Төтенше жағдай уақытында қарым-қатынастың байланыссыз түрі - өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіздендірудің ең жақсы амалы болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус COVID-19-дың таралуын төмендетуге көмектеседі және халықты жаппай вирусты жұқтырудан құтқарады.

Өтініш, өзіңіздің істеген іс әрекеттеріңіз үшін жауапты болыңыз! Өзіңізді және жақындарыңызды үйде болып қорғаңыз!,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы